Төтенше оқиға Түрксіб ауданындағы 5 қабатты үйде орын алған. Тілсіз жаудың аумағы 50 шаршы метрді алды. Жалынды тоқтату барысында ер адамның денесі табылды.
Өрт ҚР ТЖМ Алматы қаласы, төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамындағы 17 адамы мен 6 дана техникасының арқасында сөндірілді.