Алматыда болған өрт салдарынан әжесі мен немересі зардап шекті

АСТАНА. 17 наурыз. ҚазАқпарат - 16 наурыз күні сағат 21:07-де Алматының Медеу ауданындағы Лесоковский көшесінде орналасқан жеке тұрғын үй өртене бастады. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.

Өрт сағат 21:26-да ауыздықталып, 22:10-да өшірілді. Оны сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы облысы бойынша ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 7 адамы мен 2 техника бірлігі жұмылдырылды.

Жалын тілі 15 шаршы метр аумақты шарпыды. Оқиға орнынан термиялық күйік алған қарт әйел мен 7 жасар бала ауруханаға жеткізілді.