Алматыда болған жол апатынан 3 адам зардап шекті
02:21, 03 Тамыз 2017
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда жол апаты болып, 3 адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жол-көлік оқиғасы Шемякина көшесінде болды. Мерседес көлігі Шемякина көшесінен солтүстікке қарай жылжып бара жатқан және ол оң жаққа қарай бұрылған. Осы уақытта оңтүстікке қарай Lexus маркілі көлігі кетіп бара жатқан. Ол Мерседесті бір жағынан келіп қаққан. Қатты соққыдан Мерседес жол өткелінің екінші жағына ұшып кетті. Оқиғадан үш адам зардап шекті, олардың бірі жүргізуші, екеуі Мерседес көлігінде кетіп бара жатқан әйелдер. Олар ауруханаға жеткізілді. Lexus көілігіндегілер зардап шеккен жоқ.