«Іс-шара Алматы қаласының Жетісу ауданының аумағында өтеді. Полиция қызметкерлері электрондық планшеттер арқылы, әкімшілік айыппұлдар бойынша борышкерлерді анықтайды. Шараға әкімшілік полицияның мамандандырылған батальоны, жол-патрульдік полициясы және жергілікті полициясының автоэкипажы жұмылдырылды. Сонымен қатар, жолдың кейбір учаскелерінде әкімшілік айыппұлдары бар борышкерлерді автоматты түрде анықтайтын »ПОТОК-М« мобильді кешені орнатылды», - дейді Жетісу аудандық полиция басқармасының Дархан Мұсанов
Алматылық полиция, жүргізушілерді әкімшілік айыппұлдарын уақтылы төлеуге шақырады.
«Айыппұлдарды мынандай әдіспен тексеріп және төлей аласыз: egov.kz электрондық үкімет порталы арқылы, екінші деңгейлі банктердің кассаларында және банктердің интернет-сайтында. Сондай-ақ,айыппұлды смартфонға жүктелген екінші деңгейлі банктердің қосымшалары арқылы төлеуге болады», - деді Дархан Мұсанов.