Алматыда босанған әйелдерге домбыра сыйлады
19:33, 01 Шілде 2018
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Ұлттық домбыра күні қарсаңында қалалық перинаталдық орталықта 48 нәресте дүние есігін ашты деп хабарлайды, ҚазАқпарат тілшісі.
«Түнгі сағат 12-ден бастап, күндізгі 12-ге дейін 48 сәби өмірге келді. Оның 25-і ұл бала да, 23-і қыз бала»,-деп мәлім етті қалалық денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінен.
Аталған ұйым қызметкерлерінің айтуынша, Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдері Ұлттық домбыра күні қарсаңында жас босанған аналарға домбыра тарту еткен.