Алматыда мамандандырылған батальон қызметкерлері қызды кабинаның сыртына шығарған жүргізушіні әкімшілік жауапкершілікке тартты.
«25 жастағы М. есімді «Toyota» көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен батыс бағытта келе жатып, қызды кабинаның сыртына шығарды. Сол арқылы ол жол ережесін өрескел бұзды. Автокөлік жүргізушісіне жолаушыларды тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 593-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды» деп хабарлады полициядан.