АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының тұрғындары әлеуметтік желіге қатты ыстықтан балқып кеткен асфальттің суретін салып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Пост авторы әлеуметтік желідегі суреттер Тимирязев көшесінде түсірілгенін жазады. Онда BRT желісімен жоғары жылдамдықтағы автобустар жүреді.
Естеріңізге сала кетейік, 19-22 шілде күндері Алматыда сынап бағанасы 35-37 градусқа дейін көтеріледі. Аптап ыстық болады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.