Адам өміріне қауіп төнген -10 қоңырау, аса қауіпті емес - 12 қоңырау тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.
Департаменттің мәліметінше, бүгін түнде Сәтбаев және Тілендиев көшесінде орын алған жол апатынан екі адам қайтыс болған. «БМВ» автокөлік жүргізушісі көлікті басқара алмай, адамды басып кетіп, жол жиегіндегі бағанаға соғылып, оқиға орнында қаза тапқан.
Алатау ауданында, Саин көшесінде орналасқан 4-ші үйдің жертөлесінде қоқыс жануы салдарынан өрт болған. Өрт сөндіру барысында тұрғылықты жері жоқ (БОМЖ) 2 адамның мәйіті табылған. Олар туралы мәліметтер жиналып, аты-жөндері анықталуда.