Мерейтойлық конференцияға Германия, Ұлыбритания, Италия, Швейцария, Сербия, Австрия, Оңтүстік Корея, Сингапур, Жапония, Израиль және тағы да басқа елдерден 45-тен аса танымал ғалымдар қатысады.
Шара барысында ерте диагностикалау мен скрининг, сүт безі, жатыр мойыны, колоректалды рак мәселелеріне байланысты секциялық мәжілістер мен шеберлік сыныптар өткізілмек. Конференцияда басты назар қан ауруларын емдеу мен ерте диагностикалауға, медбике жұмысының менеджмент мәселелеріне аударылмақ.
Шара ұйымдастырушылары, онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басшыларының айтуынша бұл конференция әлемдік салалық қоғамдастықта, Қазақстан онкология қызметінің үлкен жетістіктергі жетелеуіне, бәсекелестік ортаның қалыптасуына ықпал етпек.
2009 жылы Қазақстан соңғы бес жылға ТМД елдері ішінде онкологиялық Еуропа мектебінің жалғыз әріптесі болып таңдап алынған болатын. Осыған байланысты біздің елімізде 2012 жылы ТМД елдері онкологтарының VII съезін өткізу жоспарлануда.