Алматыда Бүкіләлемдік абсолюттік жекпе-жектер кеңесі (WAFC) тұжырымдамасы бойынша халықаралық турнир өтеді

АЛМАТЫ. Тамыздың 7-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Алматыда Бүкіләлемдік абсолютті жекпе-жектер кеңесі (WAFC)  тұжырымдамасы бойынша халықаралық турнир өтеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

             Онда аралас жекпе-жектен  5 рейтингтік  және 90 киләдан жоғары салмақта супер жекпе-жек өтеді. Ал 75 килә салмақта Бейбіт Назаров (Қазақстан) пен Сео Сюнг Кионг (Оңтүстік Корея) WAFC тұжырымы бойынша Әлем чемпионы атағын сарапқа салады. Сондай-ақ 63,5 килә салмақта кәсіпқой бокстан қазақстандық Жанқош Тұраров пен латынамерикандық Франк Эрик Парэдэс рейтингтік кездесу жасайды.

             Аралас жекпе-жектен болатын рейтингтік сайыста 60 киләға дейінгі салмақта Қазыбек Әшімов (Қазақстан) пен  Сергей Яковлев (Ресей), Тологон Сарықов (Қырғызстан)  пен Ваха Алиев  (Ресей) кездеседі. 65 киләде Нариман Мұсаев (Қазақстан) пен Рахманжан Мұратов (Қырғызстан), 70 киләде Мейірлан Құрманалиев ( Қазақстан) пен  Марат Қайыпов (Қырғызстан), 90 киләде Жәнібек Аматов (Қырғызстан) пен Лом -Али Медиев (Ресей), ал 90 киләден жоғары салмақтағы супер жекпе-жекте Төлеген Ақылбеков (Қазақстан) пен Қылыш Сарқарбаев (Қырғызстан)     сынға түседі.

             Бейбіт Назаров сәуірдің 26-сы күні Алматыда өткен халықаралық турнирде ресейлік Аслан Алиевті жеңіп, WAFC тұжырымы бойынша Еуразия чемпионы  атанған болатын.  Онда ТМД елдері чемпионы атағы үшін болған жекпе-жекте Ваха Алиев қазақстандық  Бегнар Аманбаевтан ұтылған еді. Ал рейтингтік кездесуде  Мейірлан Құрманалиев қырғызстандық Рустем  Жұмалыұлынан басым түсті.