«Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары - бұл әлемнің көшпенді халықтары өркениетінің тарихи-мәдени мұрасының жаңғыруы, тарих, мәдениет, көшпенділер өркениетінің дәстүрін, сонымен қатар көшпенді халықтың спорт түрлерін насихаттау», - деді Алматы қ. Қырғызстанның бас консулы Алиясбек Алымкулов.
«Ойындарға аккредиттелген елдер мен БАҚ саны Көшпенділер ойындарының кең тарап келе жатқанын көрсетеді. Оның халықаралық қолдауға ие болуы аталған жобаны кеңейтуге негіз бола алады. Болашақта оны көшпенді халықтардың халықаралық олимпиада ойындарына айналдыруға мүмкіндік береді», - деді консул.
Таныстырылым II Бүкіләлемдік көшпенділер ойындарына арналған видеороликтерді көрсетумен аяқталды.
II Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары ағымдағы жылы 3 және 8 қыркүйек аралығында Ыстықкөлде өтеді. Әлемнің 20-дан астам елі ойындарға қатысатынын растады.