Әлеуметтік желі қолданушылары Алматыдағы қазіргі ауа райынан түсірген суреттер мен видеоларды бөлісіп жатыр.
«Қазгидрометтің» болжамы бойынша Алматыда алдағы күндері күн райы ашық, жауын -шашын болмайды.
Ал таулы аудандарда – жаңбыр мен бұршақ жауып, найзағай ойнайды.
17-19 тамыз аралығында республиканың басым бөлігінде антициклон әсерінен күн ашық болады. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста таулы аудандарда нөсер жаңбыр жаууы ықтимал.