Алматыда Рысқұлов даңғылымен келе жатқан «Мерседес» көлігі Күдерин көшесімен қиылыстағы көпірдің бағанына соғылған.
Болжам бойынша, жүргізуші Рысқұлов даңғылымен келіп, Күдерин көшесіне бұрылмақ болған. Алайда, ол жерде екі бұрылыс бар: бірі көпір астындағы автотұраққа апаратын жол болса, екінші солтүстік айналма жолға апаратын көше. Екі бұрылысты шатастырып алған жүргізуші ортасындағы көпір бағанына соғылған.
Жол-көлік апатынан 4 жолаушы зардап шекті. Оның екеуі қыз. Зардап шеккендерді жедел жәрдем көлігімен ауруханаға алып кетті. Оқиға себебін полиция қызметкерлері анықтауға кірісті. Жүргізушінің ішімдік ішкені туралы әзірге ақпарат жоқ.