Алматыда бұрынғы мектеп директоры пара алғаны үшін сотталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласы «№98 жалпы білім беретін мектеп-гимназиясы» КММ бұрынғы директоры пара алғаны үшін сотталды, деп хабарлайды ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

«Алматы қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі »№98 жалпы білім беретін мектеп гимназиясы« КММ бұрынғы директоры Д. А. Найзабековаға қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Ол оқушыны »№181 жалпы білім беретін мектеп гимназия« КММ-нен №98 мектепке еш кедергісіз ауыстырғаны үшін 50 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген» делінген хабарламада.

Мәліметке сай, биыл 27 қыркүйекте Алматы қаласы Медеу аудандық №2 аудандық сотының үкімімен Д. А. Найзабекова пара алғаны үшін сотталды және оған 1 млн. 250 мың теңге көлемінде айыппұл салынды, сондай-ақ мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысуға өмір бойына тыйым салу жазасы да белгіленді.