АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) бұрынғы ректоры Дамир Шыныбеков қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
«Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Дамир Шыныбековке қатысты екі айлық мерзімге қамауда ұстау түріндегі тыйым салу шарасын қолданды», - деді Дияс Махамбетов.
Шыныбековке қатысты ҚР ҚК 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін заңсыз иемдену немесе жұмсау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.