Ұрлық таңғы сағат төрт жарымда болған. Бейнекамера арқылы жазылған видеода екі жігіттің дүкен ішіне есіктен кіргендері көрінеді. Кіре салысымен бірден құндыз тондар ілініп тұрған бөліктегі жағалы киімдерді жапатармағай алып жатқандары камераға түсіп қалған.
«Білетін адам деп ойлаймыз. Өйткені, кассада ақша болмайтынын білген. Тек тондарды алып кеткен. Егер білмейтін адам болса, басқа тондарды алып кетер еді», - дейді Айдана Омарова.
Дүкен қожайының айтуынша, оның 6 миллион теңге шығын әкелген қарақшыларды тапқан адамға арнайы сыйақысы бар. Қазір аталған факті бойынша іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.