«Қазіргі уақытта Азия банк ұсынысымен тұрақты даму мақсаттары аясында Үкімет жанындағы жұмыс тобын құрудамыз. Оның құрамына халықаралық сарапшылармен қатар қазақстандық сарапшылар да кіретін болады. Біз бұл мәселемен бұдан ары да жұмыс істей береміз. БҰҰ-ға Қазақстанның жасыл технологияларға қатысты бастамаларына қолдау білдіргені үшін ризашылық білдіреміз. Оның жарқын үлгісі «ЭКСПО-2017» көрмесі бола алады», - деп атап өтті Мемлекеттік хатшы.
Сонымен қатар Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екендігін, әлеуметтік-экономикалық, гендерлік теңдік, балалар құқықтарын қорғау, қоршаған орта, мемлекеттік қызмет салалаларындағы бірлескен жобалардың жемісті жүзеге асырылып жатқандығын айрықша атап өтті.
«Яғни, БҰҰ-мен қарым-қатынастың мүлдем жаңа кезеңіне жетіп отырмыз. Өзіңізде білетіндей қазіргі уақытта біз Алматыда БҰҰ-ның көпжақты дипломатиялық хабін құру бастамасын көтеріп отырмыз. Сіздердің тараптарыңыздан қолдау күтеміз», - деп атап өтті ол.
Кездесу соңында Қазақстанның Мемлекеттік хатшысы Джихан Султаноглуын ағымдағы жылдың 31 тамызында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында өтетін «Әйелдер болашақ энергиясы үшін» халықаралық форумына шақырды.
12:09, 14 Маусым 2017
Алматыда БҰҰ-ның көпжақты дипломатиялық хабы құрылады
АСТАНА. ҚазАқапарат - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ-ның ЭКСПО-2017 көрмесіндегі бас комиссары, БҰҰ-ның Еуропа мен ТМД елдері бойынша Даму бағдарламасы өңірлік бюросының директоры Джихан Султаноглумен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.