АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда беймәлім жас жігіттер жүріп бара жатқан жолаушылар автобусының төбесінде отшашу атқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бейнежазба әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Видеодан біреулердің автобустың төбесінде отшашуды тұтандырып, артынша секіріп түсіп, қашқанын көруге болады.
Қалалық полиция департаменті оларды іздестіріп жатқанын хабарлады.
«Полиция департаментінің тиісті бөлімшелері бұзақылардың кім екенін анықтап жатыр. Бұзақыларды ұстау және оларды жауапқа тарту бойынша іздестіру жұмыстары жүріп жатыр»,- деп хабарлады полициядан.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.