«Елімізде атаулы әлеуметтік көмек 2018 жылдың қаңтарынан бастап енгізілді. Бұл – аз қамтылған отбасыларға қолдау көрсету тетіктері. Алматы әкімдігі 2019 жылы 12,7 мың отбасыға 7,1 млрд тг көлемінде АӘК көрсетті. Бұдан өзге, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардағы 22 мыңнан астам оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етілген»,-деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі.
Сонымен қатар, аз қамтылған азаматтарға егер отбасының жиынтық табысының шығыны 10 пайыздан асатын болса, онда белгіленген нормативтер аясында тұрғын үй-коммуналдық шығындарын төлеуге көмек көрсетіледі.