Алматыда былтыр ауыр қылмыс көрсеткіші 15,9 пайызға төмендеп, ұйымдасқан қылмыстық топтың 48 мүшесі ұсталған

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Былтыр Алматы қаласында ауыр қылмыс жасау 15,9 пайызға қысқарып, ұйымдасқан қылмыстық топтың 48 мүшесі жауапқа тартылды.

Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігінде құқық қорғау органдарының өткен жылы атқарған жұмыстарын қорытындылау жиынында мәлім болған.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ішкі істер департаментінің жұмысында бірқатар проблемалар әлі де баршылық. Атап айтқанда, орын алған қылмыстарды тіркеу барысында 200 қылмыс жасырылған. Қаланың көпшілік орындарында да қылмыс жасау артқан. Негізінен, қаладағы қылмысты сырттан келгендер жасайтыны белгілі болып отыр.

«Қала басшысы Ахметжан Есімов өз сөзінде еліміздің ең ірі қаласында қылмыстың алдын алу аса маңызды екендігін айтты. Экономиканың өсуі қылмыстың алдын алуға жасалатын шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Соңғы үш жыл ішінде ІІД қаржыландыру 35 млрд. теңгеден асты. Биылға бөлінген қаражат 11 млрд. теңгені құрайды, бұл жергілікті бюджеттің 70 пайызына тең», - делінген баспасөз хабарламасында.