Алматы тұрғындарынан ұсыныстарды қабылдау кезеңінде 897 өтінім түсті. Оларды қарау барысында аудан әкімдіктері жанынан «Халық қатысатын бюджет» аясында құрылған сараптамалық кеңестер дауыс беруге 373 өтінімді жіберді.
Қала тұрғындары ұсынған жобалар: балалар және спорт алаңдарының құрылысы; жалпыға ортақ пайдаланылатын демалыс орындарын (орындықтары бар шатырлар, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар ойындарына арналған жабдықтар мен конструкциялар орнату және жөндеу); жалпы пайдалану орындарын жарықтандыру (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары, көшелер және өзге де объектілер).
Ең көп дауыс жинаған жобаларды (50-ден кем емес) аудан әкімдіктері осы жылы іске асыратын болады.
Алматы қаласында тұрақты тіркелген тұрғындар ғана таңдау жасап, ұнаған жобаларға дауыс бере алады.
Алматылықтар 14 мамырға дейін budget.open-almaty.kz арқылы дауыс береді. Ол үшін тіркеу/авторизация талап етілмейді, жобаларды таңдауды ЭЦҚ немесе SMS-код келіп түсетін телефон нөмірі арқылы растауға болады.
Дауыс беру қорытындылары 2023 жылғы 16 мамырына дейін budget.open-almaty.kz порталында «Жобалар бойынша материалдар» бөлімінде жарияланады.
Еске салсақ, 2023 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасын қаржыландыруға қосымша бөлінген сома – 7 млрд теңге. Бір жобалық ұсыныстың ең жоғары құны 86,2 млн теңгеден аспауға тиіс. Осы жобалардың жиынтық құны әрбір аудан үшін «Халық қатысатын бюджет» лимитінен 875 млн теңгеден аспауы қажет.
«Халық қатысатын бюджет» бойынша консультацияны Алматы қаласының аудандық әкімдіктерінен, сондай-ақ Алматы әкімдігінің Open Almaty қоғамдық қабылдау бөлмесінен 7 (727) 224 39 29 (ішкі. 203), 1308 алуға болады.