Алматыда Car City сауда орталығы өртеніп жатыр

АЛМАТЫ. 14 қыркүйек. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Алматыдағы ең ірі сауда орталықтарының бірі Car City-ден өрт шықты.

Сауда орталығы қызметкерлерінің айтуынша, таңғы сағат 4-5 аралығында сауда үйінің жертөлесінен түтін шыға бастаған. Оқиға орнына өрт сөндіру қызметі шақырылған. Қазіргі кезде ғимарат қоршауға алынып, өрт сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Таңғы 4-те басталған өрттің әлі сөндірілмеу себебін қалалық төтенше жағдайлар қызметі қатты қою түтіннің болуымен түсіндіріп отыр. Сауда орталығы қызметкерлерінің сөзіне қарағанда, қою түтін автокөлік шиналары мен мотор майларының жануынан шығуы мүмкін. Өйткені жертөледе негізінен осы тауарлар сатылады.

Қалалық төтенше жағдайлар қызметінің болжамынша, жанып жатқан алаң 100 шаршы метрге жуық. Төтенше жағдайлар департаменті шығу себебі өрт ауыздықталған соң барып анықталатындығын айтып отыр. Еске сала кетейік, Car City Алматыдағы автобөлшектер сататын ең ірі сауда орталығының бірі.