Дәстүрге сай бұл шараға ерлер мен әйелдердің, балалардың киімдерін, аяқ киімдерін, аксессуарлар, іш киімдер, бас киімдер, теріден тігілген киімдерді шығаратын жетекші өндірушілер мен жеткізушілер қатысады.
Әр маусым сайын көрмеге Италия, Франция, Финляндия, Польша, Латвия, Түркия, Ресей, Молдова, Франция сынды елдердің өндірушілері тұрақты қатысады. Дегенмен жылдан-жылға өзге де елдер тарапынан көрмеге қызығушылық арта түсуде. Мәселен, өткен жылы Алматыға алғаш рет өз өнімдерін әкелген Үндістан компанияларына көрмеден үлкен орын берілген болатын.
Көрменің ашылу рәсімі барысында Open Way 6-шы ұлттық жас дизнайнерлер байқауының ақтық сынына шыққан 10 қазақстандық дизайнердің шағын топтамасы көрсетілді.
Дизайнерлікпен енді айналысып жүрген Гүлнар Жәнібекова өз топтамасына «Ауа мен гүл» деген атау беріпті. Оның киім үлгілері жеңіл матадан тігілген әрі көктем мен жаз маусымына арналған. Ал Салтанат Әбділдаеваның «Кокан» деп аталатын топтамасындағы көйлектердің үлгісі бір түрден екінші түрге ауыса алады.
Көрме «Атакент» көрме кешенінде 14 наурызға дейін жалғасады.