Алматыда Чернобыль апатының 25 жылдығына байланысты дөңгелек үстел отырысы өтеді

АЛМАТЫ. 9 сәуір. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда 12 сәуір күні ҚР Ұлттық кітапханасында техногендік апаттан сақ болуға шақыруға арналған «Чернобыль АЭС-індегі ядролық апатқа 25 жыл» атты халықаралық дөңгелек үстел отырысы өтеді.

Аталмыш шара 26 сәуір - бүкіл дүниежүзілік қасыретке айналған Чернобыль АЭС-ғы ядролық апатқа 25 жыл толуына орайластырылып отыр.

Оның жұмысына Украина мен Ресейдің Бас консулдары, Алматы қаласының әлеуметтік қорғау және денсаулықты сақтау басқармаларының өкілдері, Қызыл Ай және қалалық Ардагерлер комитеттерінің өкілдері қатысады.

Естеріңізге сала кетсек, Чернобыль АЭС-тағы апатты жоюға алғашқылардың бірі болып Қазақстанның жауынгер құтқарушылары қатысқан болатын.