Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының жолдауын жүзеге асыру туралы қала активінің отырысында айтты.
Алматы - Қазақстанның цифрлық астанасы. Қала тұрғындарының 82,6%-ы цифрлық технологиялардан хабары бар. ІТ қызметтердің 3/2-сі Алматыда жүзеге асады. Мұнда 5G мәліметтерді тарату форматы тестіден өткізіліп жатыр.
«Менің тапсыруыммен әкімдікте цифрландыру бойынша басқарма құрылатын болды. Басқарманың басты міндеті – ақылды қаланың жаңа жобаларын жүзеге асыру, ІТ сектордың дамуына барынша жағдай жасау», - деді Б.Сағынтаев.
Бүгінде қалада мемлекеттік қызметтердің 80%-ы цифрлық форматта көрсетіледі. Жаңа басқарма осы көрсеткішті келер жылдың соңына дейін 100 пайызға жеткізбек.