«5 шілдеде күшейтілген шаралар енгізу дұрыс шешім болды. Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай кешенді түрде тұрақтанды. Мегаполистегі коронавирус жұқтыру өсімі 2,2%-ға дейін төмендеді», - деді Алматы әкімі Үкімет отырысында.
Қазір қалада 10 955 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 341 адам немесе 60% емделіп шыққан. 28 адамның халі ауыр, өкінішке қарай, 73 адам (0,68%) коронавирустан қайтыс болған.
«Пневмония және COVID-19 күдігімен жедел жәрдем шақырулар саны 4 есе азайды. Стационарларға жатқызылатын адамдар саны 2 еседен астам көрсеткішке төмендеді. Емханаға жүгінушілер саны да 2 есе азайды», - деді Бақытжан Сағынтаев.