22 тамыз - көрнекті мемлекет қайраткері, КОКП ОК Саяси Бюросының мүшесі, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевты еске алу күні.
Осыған байланысты, бүгін Д.А. Қонаев гүлбағындағы ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімі болды. Оған Д. Қонаевтың туған-туыстары, бірге қызметтес болған әріптестері, қоғам қайраткерлері, олардың ішінде Кеңес Аухадиев, ҰОС ардагерлері, тыл еңбеккерлері, және қала тұрғындары қатысты.
Бұдан кейін, Д. Қонаевтың пәтер-мұражайында «Ел ағасы - мәңгі ел есінде» фото-экспозициясы ашылды. Кейін, Д. Қонаев тұрған пәтер-мұражайға және Д. А. Қонаев музейіне экскурсия жасалды.
Айта кетелік, Дінмұхамед Ахметұлы ерен еңбегі үшін үш мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған. Сонымен қатар, Димаш Ахметұлы Кеңес Одағының және бірқатар шет елдердің (Моңғолия, Куба, Қытай, Чехословакия) орден-медальдарымен марапатталған.