Алматыда Д.Қонаевты еске алу күні өтті

ong>.Тамыздың 22-сі. ҚазАқпарат/Ербол Азанбек/ - Алматыда Дінмұхамед Қонаевтың 100 жылдығына арналған 100 шара аясында еске алу күні аталып өтілуде,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Тамыздың 17-сі күні басталған еске алу күндері аясында бірқатар шаралар өткізілген болатын.Ал бүгінгі қорытынды шара 3 жерде аталып өтілуде.Оның алғашқысы Баум бағында жеңіл атлетикадан жарыспен басталды. Ерлер 10000 метрге, қыздар 5000 метрге жүгіруден сынға түсті. Онда арнайы сыйлықтар тапсырылып, жеңімпаздар марапатталды.Бұдан кейін шара Д.Қонаев ескерткішіне гүл қою рәсімімен жалғасты.Оған қала әкімінің орынбасары Серік Сейдуманов бастаған қала жұртшылығы, жастар мен ұлы тұлғаның әріптестері, туыстары қатысты.Бұнымен қатар, мүсін жанында «Д.Қонаевтың әріптестері Қазақстанның және кеңес дәуірінің суретшілері мен шеберлерінің өнер жұмыстарында» атты көрме мен мұражайда «Кілем бөлмесі» ашылды.Шара соңында мұражайда шараға қатысушыларға арнап «Д.Қонаевтың мұражай үйі», «Д.Қонаев Өзбекстанда» атты деректі фильмдер көрсетілді. Мұражайдың директоры Болысбек Батталхановтың айтуынша, бұндай шаралар ұлы тұлғаның 100 жылдығына дейін жалғасады.