«Өрт сөндіру барысында полиция қызметкерлері жақын маңда орналасқан 9 қабатты тұрғын үйден 40 тұрғынды қауіпсіз аймаққа шығарды. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті сөндіруге Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «Өрт сөндіру» қызметінің жеке құрамынан 80 адам мен 19 техника жұмылдырылды. Өрттің аумағы 1200 шаршы метрді құрады. Таңғы сағат 07:34-те өрт толығымен сөндірілді», - деді С. Баймұханбетова.
Айта кетелік, қазір өрттің шығу себептері анықталып жатыр.