«Қамауға алынған күдіктіге қатысты тағы бір бап қосылды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 115-бабы (Адам өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп қорқыту, сол сияқты адамға қатысты өзге де ауыр күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды»
, - деп хабарлады қалалық прокуратураның баспасөз қызметі.
Оқиға болған күні Бостандық аудандық полиция басқармасы сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын. Қозғалған қылмыстық істер біріктірілді. Қазір ол Алматы қалалық полиция департаменті жедел-тергеу тобының өндірісінде. Қылмыстық істің себебі мен басқа да мән-жайларын анықтауға, сондай-ақ толықтығын қамтамасыз етуге бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
«Қылмыстық іс бойынша процессуалдық прокурор тағайындалып, оған ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 197-бабына сәйкес жазбаша нұсқау берілді»
, - деп атап өтті ведомствадан.
Еске салайық, 4 сәуір күні Алматыда белгілі гастроэнтеролог Юрий Шумковты пациенті болған адам аң аулайтын қарудан атып өлтірді. Кейін денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният дәрігердің өліміне қатысты пікір білдірді .
Дәрігердің артында, жұбайы, үш баласы мен қарт ата-анасы қалды.