«Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Алматы қаласындағы жедел жәрдем бригадасы толықтай жеке қорғаныс құралдарының барлық түрімен жеткілікті мөлшерде жабдықталған. Атап айтқанда, бүгінде қаланың медициналық станциялары мен қосалқы станцияларында 400-ден астам медициналық костюмдер бар. Жедел жәрдем бригадасы жеке қорғаныс құралдарын әр шақырудан соң жаңартып отырады. Арнайы көліктерді залалсыздандыру жұмыстарына келетін болсақ, бұл процедура санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сай жүзеге асырылады»,– делінген хабарламада.
10:17, 26 Наурыз 2020
Алматыда дәрігерлер қорғаныс костюмдерін өздері тігіп жатыр деген ақпарат жалған
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасы жедел жәрдем қызметкерлері жұқпалы індетке қарсы киетін костюмдерді өздері тігіп алып жатыр, – деген ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.