«Алматы қаласының денсаулық сақтау жүйесі, медициналық көмек көрсету түрлері, көлемі және нысандары, заңды құқықтары туралы халыққа өзекті және пайдалы ақпаратты жеткізу мақсатында, сондай-ақ кері байланыс үшін қалалық прокуратурамен бірлесіп www.almatymed.kz бірыңғай сайтын әзірледі»,- делінген хабарламада.
Бұл сайт қолданушыға «Google Maps» картасы арқылы нақты орналасқан жерін және заңды мекен жайын көрсете отырып, қажетті медициналық ұйымды іздеуге көмек береді. Сондай-ақ, медиицналық ұйымның жұмыс тәртібі, бірінші басшысы туралы және емдеу мекемесі көрсететін медициналық көмектің түрлері туралы ақпаратты табуға, кез-келген меншік нысанындағы ұйымдарда қажетті маманды табуға жәрдемдеседі.
Сонымен қатар, бірыңғай Call-орталығымен, чат арқылы (Jivo-сайт) оператормен байланысуға жағдай жасалған.