Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі мәлім етекендей, қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасының қабылдау бөлішесіне басы айналып, тұла бойын әлсіздік басқан егде әйел жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді.
Функционалды диагностика бөлімінде науқастың бас тамырларына бразоцефальды дуплексті зерттеу жүргізілді. Нәтижиесінде оң жақ ішкі ұйқы артериясының 90% стенозы анықталды.
«Ұйқы артерияларының стенозы - миды қанмен қамтамасыз ететін тамырлардың тарылуы. Бұл патологияның қаупі оның белгілерінің ұзақ уақыт бойы байқалмауында. Дегенмен, бұл инсульт сияқты ауыр асқынудың себебі болуы әбден мүмкін», - дейді нейроинсульт бөлімінің меңгерушісі Ләззат Аяғанова.
«Негізі хирургиялық ота жасау үшін артериялық стеноз 70%-дан асу керек. Ал пациентте ол 90% болғандықтан, науқасқа жедел түрде жергілікті анестезиямен жоғары технологиялық ота - ішкі ұйқы артериясына рентгенэндоваскулярлы стендтеу жасалды. Ота сәтті өтті, науқастың жағдайы қанағаттанарлық»,- деді дәрігер.
Дәрігердің сөзінше, аурудың алғашқы белгілерінің бірі - сезімталдық пен қозғалыс белсенділігінің төмендеуі, сондай-ақ көру қабілетінің бұзылуы. Пациенттер әдетте аяқтың, беттің ұюы, көру өрістерінің жоғалуына шағымданады. Қолдың немесе білектің бұлшықет күшінің төмендеуі де орын алуы мүмкін. Кейде сөйлеу, есту, жұту қиындықтары, бет асимметриясы, қатты ауырсыну да туындайды. Неғұрлым жиі кездесетін белгілер - бас айналу, өзін нашар сезіну және әлсіздік.
Айта кетейік, Алматы қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында жедел және жоспарлы түрде ми тамырларына ашық және эндоваскулярлық оталардың барлық түрі жасалады.
Осыған дейін алматылықтардың Бірлік күні мерекесіне тойлауды бастап кеткенін жазған едік.