деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Кеше басталған шараға Қазақстан, Ресей, Украина мамандары қатысуда. Басқосудың алғашқы күні маусымдық және пандемиялық A/H1N1 тұмауы, жүрек аурулары мәселелері мен бала дәрігерлеріне жаңа ұсыныстарды көрсету жайы талқыланды.
«Конгрестің ерекшелігі, медицинадағы барлық бағыттардың басын қосады. Бұл соңғы ғылыми зерттеулердің жетістіктерімен танысуға, медицина мамандарының басын қоса отырып, маңызды мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», дейді «GlaxoSmithKline» компаниясының Қазақстандағы өкілдігінің медициналық директоры Зайра Смайлова.