Алматыда дарынды балалардың «Жас қалам» поэзиялық шығармашылық студиясы өтуде

АЛМАТЫ. 21 сәуір. ҚазАқпарат - Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми, тәжірибелік,  білім беру және сауықтыру орталғында дарынды балалардың «Жас қалам»  поэзиялық шығармашылық студиясы өтіп жатыр.

Оған Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі тұрмысы төмен отбасынан шыққан 10-15 жастағы ақындық шығармашылық қабілетті, дарынды балалар мен жасөспірімдер қатысуда.

16 сәуірде басталған бұл шара ертең аяқталады. Ол жас таланттарды әлеуметтік қолдау үшін ұйымдастырылуда. Мақсат - олардың азаматтық, адамгершілік құндылық тұрғысынан өзінің дара адами тұлғасын сезіне отырып, өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі жетілдіруіне жағдай туғызу. Сондай-ақ әдеби шығармашылыққа белсенді қатыстыра отырып, тұлғаның үйлесімді қалыптасуына ықпал ету және балалардың шығармашылығын дамыту мәселелеріне жалпы жұртшылықтың  назарын аудару мақсатын көздеп отыр.