Аталмыш шара таңғы сағат 8.00-де басталады. Марафон Әл-Фараби және Достық даңғылдарынан бастау алып, «Медеу» биік таудағы мұз айдынына дейін жалғасады, жарысқа қатысушылар ол жерден жүгіруді Әл- Фараби даңғылындағы ҚР Тұңғыш Президенті атындағы саябақта аяқтайтын болады. Марафон жолы 42 шақырым 195 метрді құрайды. Спорттық шараға жасы 18-ге толған, қолдарында дәрігерлік анықтамалары бар жастар, кез-келген ұйым мүшелері, ниет білдіруші спортсүйер қауым қатыса алады.
Қатысуға тілек білдірушілер өз өтініштерін Абай даңғылы, 48-дегі Орталық стадионда орналасқан Алматы марафон клубына әкеліп, тапсыруларына болады.
Медеу марафонының тарихы 1998 жылдан басталады. Оның ұйымдастырушысы - ұзақ жыл Алматыда тұрған неміс кәсіпкері Йорг-Ульрих Кноблох. Алғашында шағын ғана шара ретінде аталып өтіп жүрген бәсеке соңғы кездері қанатын кеңге жайды. Й. Кноблох Германияға кеткелі бері Алматы қалалық әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылып жүр.