Алматыда дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі өтуде

АЛМАТЫ. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Назира Елеухан/ - Алматы қаласында жаңа оқу жылы қарсаңында  дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі өтуде,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Бұл шара тамыздың 1-інде басталған болатын. Ол  қыркүйектің 10-на дейін созылмақ. Онда отандық өндірушілер шығарған мектеп оқушыларының киімдері мен олардың өзге де түрлі керек-жарақтары жеңілдетілген бағамен сатылатын болады»,  дейді қалалық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы сауда бөлімінің бастығы Дамир Нұрсұлтанұлы. Оның айтуынша, дәстүрлі мектеп жәрмеңкесі  қаланың барлық аудандарында өтеді. Мәселен, Алатау ауданында №578 мектепте, Алмалы ауданында Арбатта, Бостандық ауданында Атакент көрме орталығында, Жетісу ауданында «Абди», «Адем», «Мерей», «Максима»   сауда орталықтарында, Медеу ауданында «Алма», «Восход» сауда үйлерінде  өтпек.