Бұл туралы «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлады.
13 және 14 қарашада Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, 14 қарашада Алматы облыстарында оңтүстік-батыстан соққан желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с аса күтілуде. 14 қарашада Шығыс Қазақстан облысында қар, кей жерлерде қалың қар жауады, жаяу бұрқасын, көктайғақ, тұман түседі. Оңтүстік батыстан соққан желдің күші 15-20, кей жерлерде 23-28, екпіні 30 м/с жетуі ықтимал, - делінген ҚР ІІМ ТЖК сайтында.