Алматыда Делика жүргізушісі көлікте қысылып қалды

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Митсубиси Делика мен Мерседес көлігі соқтығысты деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі оқиға орнынан.

Жол апаты Рысқұлов көшесінің бойында болған.

Белгісіз себептермен Митсубиши Делика бордюрдан шығып кетіп қарама-қарсы бетте келе жатқан Мерседес Спринтермен бетпе-бет соқтығысты.

Соққыдан Митсубиши көлігінің алдыңғы есігі жапырылып, жүргізушінің аяғы көлікте қысылып қалды. Ер адамды шығарып алу үшін жолдағы адамдар көмектескен.

 Оқиға орнына жеткен дәрігерлер оны ауруханаға алып кетті.