«Бұл жолы қоғамдық көліктің жүрісіне қатысты ешқандай шектеу жоқ. Қоғамдық көлік демалыс күндері қатынайтын болады», - деді ол.
Айта кету керек, Алматы қаласы «қызыл» аймаққа енуіне байланысты қалалық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин жаңа қаулы қабылдаған болатын.
Қаулыға сәйкес сауда, ойын-сауық орталықтары мен базарлар сенбі-жексенбі күні жұмыс істемейді.
Ал кинотеатрлар мен театрлардың жұмысы уақытша тоқтатылды.
Сонымен қатар, жаңа қаулыға сәйкес енді коронавирус жұқтырған адамдар ауруханаға жатып емделеді.