АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда демалыс күндері жеке тұрған дәріханалар қалыпты режимде жұмыс істейді. Оларға шектеу қойылған жоқ. Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Дәріханалар барлық санитарлық талапты сақтай отырып жұмыс істей береді. Олар жабылмайды. Себебі, ол жерге адам көп жиналмайды. Сонымен қатар, сұлулық салондары да жұмыстарын жалғастырады», – деді Еркебұлан Оразалин.
Оның айтуынша, бұл тек жеке орналасқан дәріханалар мен сұлулық салондарына қатысты. Егер бұл нысандар ірі сауда орталықтарының ішінде болса, сәйкесінше оларда жабық болады.
Алма Мұқанова
Алма Мұқанова Т. Жүргенов атындағы өнер академиясының «Кино және Телевизия» факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Аймақтық, республикалық телеарналарда түрлі қызметтер атқарған. 2019 жылдан бері - ҚазАқпарат агенттігінің тілшісі. ҚР Журналистер одағының мүшесі.