Алматыда демалыс күндері де вакцина салу жалғасып жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда бір тәулікте 6 415 адам вакцина салдырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың 1 ақпаны мен 24 сәуір аралығында барлығы 176 533 адамға екпе салынды», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Бүгінгі күні қалада 205 пункт жұмыс істеп жатыр, 1 827 адамнан тұратын 406 егу бригадасы бар. Вакцинация пункттері демалыс күндері де ашық болады.

Қаладағы вирустың таралу жағдайы бұрынғыдай жоғары деңгейде қалып отыр. 24 сәуір күні коронавирус инфекциясын жұқтырған 682 жаңа жағдайы тіркелген, оның 611-і симптомдық белгілері бар және 71 симптомсыз. Ауруханалар бір тәулік ішінде – 303 науқасты қабылдаған, ал, стационардан шығарылғандар саны 187 науқас.

«Барлық инфекциялық стационарда 3 871 адам бар, оның 108-і бала. Реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде жалпы – 254 науқас жатыр. ӨЖЖ – 31, инвазивті емес ӨЖЖ – 92, High flow-да 80 аппарат жұмыс істейді. 5 985 науқас амбулаториялық бақылауда, оның ішінде 5 338 науқаста жеңіл және орташа дәрежедегі симптомы бар және 647 симптомсыз»,- деп атап өтті басқармадағылар.