Алматыда демалыс күндері жаңбыр жауады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  Нөсер жаңбырымен Алматыны әбігерге салған ауа райы алдағы демалыс күндері қандай болмақ.

«Қазгидромет» РМК мамандары «ҚазАқпарат» тілшісінің бірқатар сұрақтарына жауап берді. 

Синоптиктердің айтуынша, 29 сәуір мен 1 мамыр аралығында жаңбыр жауады, кей жерлерде нөсерлетіп, бұршақ жаууы ықтимал. 30 сәуір 1 мамыр аралығында таулы аймақтарда қар аралас жаңбыр болуы мүмкін. Бұл күндері ауа температурасы түнде 1-6 градус, күндіз 10-15 градус болады. Кей жерлерде түнде -2 градусқа дейін күн суытуы мүмкін. 2 мамыр мен 7 мамыр аралығында күн ашық болып, ауа температурасы түнде 7-12 градус, күндіз 22-27 градусқа дейін жоғарылайды. Жалпы, мамыр айының алғашқы он күндігінде өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Мамыр айының екінші онкүндігінде ауа температурасы 3-8 градусқа дейін көтеріліп, күндіз 18-23 тиен 26-31 градусқа дейін жоғарылайды. Мамыр айының үшінші онкүндігінде ауа райы құбылмалы болмақ.

Синоптиктердің айтуынша, айдың соңында ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 30-35 градусқа дейін жетуі ықтимал. Жел күшейіп, бұршақ жауады.

Соңғы жаңалықтар