Алматыда дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайда болады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін қала басшысы Ахметжан Есімов халықаралық «Сұңқар» шаңғы трамплині кешеніндегі дене шынықтыру-сауықтыру нысанының құрылысымен танысты. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Қазіргі таңда нысанда жерасты жұмыстары, желі жүргізу Халықаралық шаңғы спорты федерациясының стандартына сай жасалып жатыр. Қала басшысы құрылыс кестесінің қатаң сақталуын ескертті.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 20-21 қыркүйекте трамплиннен шаңғымен секіру бойынша «Grand Prix» Әлем кубогының жазғы кезеңінің финалдық сериясы өткен болатын. Оған әлемнің 12 елінен 70-тен астам спортшы қатысты. Жарыс барысында Халықаралық шаңғы спорты федерациясының мамандары шаңғы трассасының халықаралық стандарттарға толығымен сәйкесетіндігін айтып өтті. 2015 жылы «Сұңқар» шаңғы кешенінде жастар арасындағы қысқы спорт түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Дүбірлі додаға әлемнің әр түкпірінен мыңға жуық спортшы келеді деп жоспарлануда. Олар шаңғы бессайысы, шаңғымен секіруден, сырғанаудан жарысатын болады.