Жарысқа ISU барлық мүшесі қатыса алады. Медальдар екі жас санатында ойнатылады – жасөспірімдер және ересектер.
Сайыс бағдарламасында жеке және жұптасып сырғанау, спорттық би бар. Оған қатысу үшін өтініштер 19 қыркүйекке дейін берілуі тиіс. Турнирдің бірінші күнінде жасөспірімдер, сондай-ақ ерлер арасындағы жарыстарда қысқа бағдарлама өтеді.
Denis Ten Memorial Challenge сайысы жұптар мен мұзда би билеу нөмірлерімен аяқталады.