деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Министрдің айтуынша, әлемде жыл өткен сайын аурудың жаңа түрлері пайда болуда, сондықтан да дүниежүзінің медициналық саласы осындай аурулардың алдын алу жолын іздестіруде. «Денсаулық сақтау саласын реформалау және дамыту үшін мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруды және қаржыландыруды жыл санап ұлғайтқанның арқасында бастапқы буынның реформасы жүргізіліп, кадрлық және ғылыми әлеует күшейтілді», дейді Ж.Досқалиев.
Көрмеге 300-ден астам сауда маркаларын білдіретін 18 елден 160-тан астам компания қатысты. Қатысушы компаниялардың 40 пайызын қазақстандық компаниялар құраса, Германия 19, Ресей 16, Қытай 7 және Түркия 4,5 пайызда.
Сонымен қатар көрме барысында Неміс оптикалық, медициналық және мегатрондық технологиялардың өнеркәсіптік одағының (SPECTARIS) қатынастар биржасы мен Ұлттық медициналық қауымдастық өткізетін "Құқық және денсаулық" тақырыбында Қазақстан дәрігерлері мен провизорларының бас ассамблеясы сияқты шаралар өтпек. Сондай-ақ семинар бөлмесінде жаңа жабдықтар мен түрлі бағдарламалардың тұсаукесері болады деп күтілуде.
Мамырдың 14-не дейін жалғасатын көрмені Ұлыбритания, Германия, Түркия мен Қытай көрме компаниялары мен Қазақстанның Iteka компаниясы ұйымдастырып отыр.