Алматыда денсаулық сақтау саласын насихаттауға үлес қосқан журналистер марапатталды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда денсаулық сақтау саласын насихаттауға үлес қосқан журналистер, ҮЕҰ өкілдері, еңбек ерлері, үздік дәрігерлер марапатталды.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова үздіктерге грамота, алғыс хаттары мен бағалы сыйлықтар табыстады.

Олардың ішінде «ҚазАқпарат» ХАА Алматыдағы тілшісі Гүлмира Бижаева марапатталды.

«Медицинаны дамытуда белгілі бір жетістікке жету үшін тек медицина саласы мамандарының ғана үлесі жеткіліксіз. Қоғамға дәрігерлер қауымдастығының еңбегін жеткізуде Үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының қосар үлесі шексіз. Жыл сайын біз журналистер арасында салауатты өмір салтын насихаттау үшін қалалық байқау өткіземіз. Жаңа жыл қарсаңында біз қала халқының денсаулығы бей-жай қалдырмайтын жандармен жүздекенімізге өте қуаныштымыз.

Журналистің әр сөзі қоғамдық пікір қалыптастыратынын ескерсек, қала тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауда олардың орны ерекше», - деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова.

Мерекелік шара Алматы қалалық медициналық колледжі студенттерінің орындауындағы концертке ұласты.

Соңғы жаңалықтар