Алматыда денсаулық сақтау саласына 33,4 миллиард теңге бөлінген

АЛМАТЫ. Шілденің 29-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда денсаулық сақтау саласына биыл бюджеттен өткен жылға қарағанда қаржы 12 пайызға артық бөлінді.    Бұл бүгін    қала әкімі Ахметжан Есімовтің  мәслихаттың ХХ сессиясында жартыжылдықтың  қорытындысы туралы есебінде  айтылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

         Шаһар басшысының айтуынша, ағымдағы жылы денсаулық сақтау саласына 33,4 миллиард теңге бөлінген. Қазіргі таңда перинаталды орталықтың, ауданаралық туберкулезге қарсы диспансердің, 2 қалалық көп салалы аурухананың және 2 емхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Жол картасы аясында 21 денсаулық сақтау нысанына күрделді жөндеу жұмыстары жасалуда. Бұл нысандарға бөлінген қаржының көлемі 855 миллиард теңгені құрайды.  Сондай-ақ қалалық ауруханалардың сейсмикалық беріктігін нығайту үшін республикалық бюджеттен 1,4 миллиард теңге бөлінген. Алматыда  бірқатар аурулар бойынша тұрғындарға кәсіби тексерулер ұйымдастырылуда. Амбулаториялық деңгейде тегін медициналық дәрі-дәрмек қамтамасыз етілгендердің саны 25 пайызға ұлғайып отыр. Дүниеге келген нәрестелердің саны 10,3 пайызға,  тұрғындардың  табиғи өсімі 25 пайызыға өсіп, өлім-жітім  11,3 пайызға кеміген.