«Жалпы дезинфекцияға 293 миллион теңге бөлінді, егер әрбір кіреберістің бағасына тоқталар болсам, онда ол 600 теңгеден 9 мың теңгеге дейінгі аралықта. Мысалы, екі қабатты үйдің кіреберісін алсаңыз, онда бір реттік залалсыздандыру 600 теңгені құрайды, ал 28 қабатты үйдің кіреберісі 9 мың теңге»,– дейді Ержан Сейтенов.
16:37, 07 Сәуір 2020
Алматыда дезинфекция жұмыстарына қанша қаражат бөлінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда дезинфекция жұмыстарына 293 млн тенге бөлінді. Бұл туралы қалалық тұрғын үй басқармасының басшысы Ержан Сейтенов брифинг барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.