Алматыда дінаралық қатынастарды нығайтуға арналған конференция өтті

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 11-і. ҚазАқпарат /Әділет Мұсахаев/ - Бүгін Алматыда «Діни конфессиялар арасындағы ынтымақтастықты нығайту - Қазақстанның әлеуметтік тұрақтылығы мен дау-жанжалсыз дамуының маңызды факторы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға діни басқарма өкілдері, ғалымдар қатысып, дінаралық қатынастарды нығайту арқылы қоғамда рухани мәдениетті көтеру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар осы үрдістегі мемлекеттік емес ұйымдардың орны мен ролі  туралы пікір өрбіп, Қазақстандағы әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға діни ұйымдардың қосатын үлесі мол екені айтылды. Сондай-ақ конференцияға қатысушылар ел бірлігін сақтаудағы рухани  құндылықтар, діни конфессиялардың іс-әрекеттерін реттейтін құқықтық орнықты мемлекеттік саясаттың маңызы жайында ойларын ортаға салды.